Конфигурациялық профильді құрылғыдан жою

Ұялы құрылғыдан конфигурациялық профильді жою үшін:

  1. Ұялы құрылғыларды басқару қалтасындағы консоль шежіресінен Ұялы құрылғылар салынған қалтасын таңдаңыз.

    Қалтаның жұмыс аймағында басқарылатын ұялы құрылғылардың тізімі көрсетіледі.

  2. Жұмыс аймағында, iOS MDM құрылғыларын iOS MDM сілтемесі бойынша сүзгілеңіз.
  3. Конфигурациялық профиль жойылатын пайдаланушының ұялы құрылғысын таңдаңыз.

    Бірнеше ұялы құрылғыны таңдап, олардан профильді бір уақытта жоя аласыз.

  4. Ұялы құрылғының контекстік мәзірінде Пәрмендер журналын көрсету тармағын таңдаңыз.
  5. Ұялы құрылғыларды басқаруға арналған пәрмендер терезесінде Профильді жою бөліміне өтіп, Пәрмен жіберу түймесін басыңыз.

    Сондай-ақ, сіз құрылғының контекстік мәзірінен Барлық пәрмендер, содан соң Профильді жою тармағын таңдап, ұялы құрылғыға пәрмен жібере аласыз.

    Нәтижесінде, профильдер тізімі бар Профильдер жойылуда терезесі ашылады.

  6. Тізімнен ұялы құрылғыдан жою қажет профильді таңдаңыз. Бірнеше профильді таңдап, ұялы құрылғыдан бір уақытта жоя аласыз. Профильдер ауқымын таңдау үшін SHIFT пәрменін қолданыңыз. Жекелеген профильдерді бір топқа біріктіру үшін CTRL пәрменін қолданыңыз.
  7. Пәрменді ұялы құрылғыға жіберу үшін OK түймесін басыңыз.

    Пәрменді орындау нәтижесінде таңдалған конфигурациялық профиль пайдаланушының ұялы құрылғысынан жойылады. Пәрмен сәтті орындалған жағдайда, пәрменнің ағымдағы күйі Аяқталды мәніне ие болады.

    Қайтадан жіберу түймесі бойынша пәрменді пайдаланушының ұялы құрылғысына тағы да бір рет жіберуге болады.

    Пәрмен әлі орындалмаған болса, Кезектен жою түймесі арқылы, жіберілген пәрменнің орындалуын болдырмауға болады.

    Пәрмендер журналы блогында ұялы құрылғыға жіберілген пәрмендер және осы пәрмендерді орындау күйлері көрсетіледі. Жаңарту түймесі арқылы пәрмендер тізімін жаңарта аласыз.

  8. Ұялы құрылғыларды басқаруға арналған пәрмендер терезесін жабу үшін OK түймесін басыңыз.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Ұялы құрылғыларды басқаруды орналастыру

Басына оралу